Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Маңғыстауда салмағы 7 келіге жақын сәби дүниеге келді

Маңғыстауда салмағы 7 келіге жақын сәби дүниеге келді
ашық дереккөзі
Алып сәби – Мұнайлы ауданы тұрғынының төртінші баласы.

Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығында салмағы 6 келі 880 грамм нәресте өмірге келді. Сәбидің жағдайы қанағаттанарлық, деп хабарлайды lada.kz.

Қазір ананың жағдайы жақсы.

Дәрігерлер оны кесір тілігі арқылы босандырып алған. Операция сәтті өткен.

Ақхалаттылардың айтуынша, мұндай жағдайлар сирек кездеседі, өйткені осындай салмақпен сәбилердің дүниеге келуі – ерекше құбылыс.

Сәби анасымен бірге бірнеше күн дәрігерлердің бақылауында болған, содан кейін үйіне жіберілді. Перзентханадан шыққан кезде баланың салмағы 6 келі 280 граммды құраған.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар