Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов АҚШ-та никарагуалық қарсыласын нокаутқа жіберді

Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов АҚШ-та никарагуалық қарсыласын нокаутқа жіберді
ашық дереккөзі
Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов (3-0, 2 КО) Талста (США, штат Оклахома) өткен бокс кешінде өнер көрсетті.

Абылайхан бұл кеште никарагуалық Уистон Кампосқа (33-11-6, 19 КО) қарсы шықты. Жекпе-жек жартылай орта салмақта өтіп, 8 раундқа есептелген болатын. Кездесудің 5-ші раундында қазақстандық қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді.

Абылайхан Жүсіпов осылайша, өзінің кәсіби мансабында 4-ші рет жеңіске жетті, ал Уинстон Кампос кәсіби рингте 12-ші рет жеңілді. Әуесқой бокста Абылайхан әлем чмпионатының үш мәрте (2017, 2019, 2021) күміс жүлдегері атанған болатын. Сондай-ақ ол 2017 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері.

 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар