Жөтел өкпе, тыныс жолының қабынуы, сонымен қоса тыныс жолдарына шаң-тозаң, темекі түтіні енген кездегі сезімтал жүйке талшықтарының тітіркену салдарынан болады.
Ыстық суға бал салып ішіңіз. Суға бал салып ішу арқылы жөтелді кетіріп, суық тигенді баса аласыз. Ыстық суды ішу арқылы ауырып жатқан адам ағзасы жақсарады.
Таң ертен 1 стақан ыстық сүтке бал қосып ішіңіз. Ыстық сүтке бал қосып ішу арқылы жөтелді кетіре аласыз. 3-5 күн мөлшерінде үзбей ішу керек.
1 картоп, 1 алма мен 1 пиязды ашып алып суға салып екі рет қайнатып алу. Сол қайнаған судың өзін күніне 3-4 рет кішкенке қасықпен ішу керек. Солай жөтелді тез кетіре аласыз.
Ыстық сорпа ішу. Жөтел, температура жоғары кезде су, сорпа, шәй секілді сұйық заттар ағзаны қалыпқа келтіретінін есте сақтаңыз.
Бөлмедегі ауаны жиі тазартып, жылы киініп серуендеу де жөтелді кетіруге көмектеседі. Себебі, табиғат аясындағы серуеннің тыныс жолына берер пайдасы зор.
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандықтар енді дәрігердің қатесі үшін төлем ала алады
- авторТомирис Тоныкөк
- 4 қараша, 2024
Алматыда қолдан жасалған шарап ішкен ер адам уланып қалды
- авторТомирис Тоныкөк
- 31 қазан, 2024