Журналист мектептегі орамалды талап еткен Талғат Рысқұлбеков туралы тың ақпаратпен бөлісті (фото)
- автор Akarman K
- 28 тамыз, 2023
- 24.1k
Әлеуметтік желіге "Қызыма орамалмен білім алуына рұқсат етпесе, ИншаАллах Шешенстанға көшемін" деген Талғат Рысқұлбековтың мәлімдемесін белгілі журналист Гүлмира Абыкай күннің жаңалығы деп өз парақшасында бөлісті.
Журналист Талғаттың анасымен бірге Қайрат Рысқұлбековтың бейітіне барғанын еске алды. Талғат Рысқұлбековтың білімді, сөзінің өтімді болғанын, талай шендінің одан аяқ тартатқанын жеткізген журналист бұл мәлімдемені көңілі толмайтынын білдірді.
"Мен журналистиканы бастағанда қандай от жігіт еді. Ел, жер, рух деп тұрған. Талай шенді оның мысынан қорқатын. Семейдегі марқұм Қайраттың басына алғаш барған сапарына мен ілестім. Анасы топырақты құшып аңырады, Талғаттың аузынан шыққан сөздер мірдің оғындай, сөз емес ұрандай айтылды.
"Бұл мына түрімен екінші 86-ны бастайды. Қайраттың туған інісі ғой дегенмен... 20 жыл бұрынғы бәленшенің плавный жоспары өз нәтижесіне жетіпті.
Осылар Смайлов т.б. қайдан тэгтеп алады, мен белгілесем шықпайдығой осы адамдар",- дейді Гүлмира Абыкай.
Еске сала кетейік, Талғат Рысқұлбековтың талабы айтылған видеоны жариялаған едік.