Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Темекі тұқылынан тараған өрттен үш адам қайтыс болды

Темекі тұқылынан тараған өрттен үш адам қайтыс болды
ТЖМ
Екі пәтерлі үйдің өртенуіне немқұрайлылық себеп болған

Түнде Астанада тұрығын үй өртеніп үш адам мерт болды, деп жазды KYN.KZ тілшісі.

“Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына келген уақытта екі пәтерлі тұрғын үйде 70 ш.м. алаңда өрт болып жатты. Өрт сөндірушілер жанып жатқан үйден 1970 жылы туған ер адамды құтқарып, орташа дәрежедегі улы газдан улану диагнозымен ауруханаға жеткізілді. Өрт сөндірушілер барлау және өртті сөндіру барысында 1983 және 1970 жылдары туған екі ер адамның және 1971 жылы туған әйелдің денесін тапты”, – дейді ТЖМ ресми өкілі Жанна Дәуренбекова.

Өрт сағат 02:55-те толығымен сөндірілген. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 15 адам мен 3 техника жұмылдырылды. 

Алдын ала болжам бойынша өрттің шығуына сөндірілмеген темекі тұқылы себеп болуы мүмкін. 

Айта кетейік, осы мекенжайда осыдан бір апта бұрын, 24 тамызда Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері келіп, күнделікті өмірде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша ұсынымдар беріп, өрт қауіпсіздігі парақшаларын таратқан.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар