Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Көпшілік әйел мен ер адамның төсегіне араласқан имамның уағызына ашулы (видео)

Көпшілік әйел мен ер адамның төсегіне араласқан имамның уағызына ашулы (видео)
ашық дереккөзі
Имам: Күйеуі төсекке шақырғанда келмеген әйелге таңға дейін періштелер лағнет айтады

Имам жамағат алдындағы  насихат кезінде  әйел мен ердің төсек мәселесіне тоқталған. Онда уағыз айтып отырған дін өкілі  күйеуі шақырған сәтте "келісе кетпеген" әйелдің әрекеті өте орынсыз әрі періштелер оған таңға дейін лағнет айтады деген. Мұны естіген жұрт түрлі пікір жазып, имамның  еш мәселеге түсіністік танытпай кесіп айтқанына ашуланған, деп жазды KYN.KZ тілшісі. 

"Тіпті төсекте жатып, төсекке шақырса "Е, тұратұршы" деп ол бас тартса. " Кеше ғана болды ғой, өлдің ба?" десе мысалы болады ғой? Сол кезде дейді ана қатынға таң атқанша періштелер лағнет айтады дейді. Ол жаңағы ер адам шақуатын басу үшін шақырғанда бас тартты. Ана жерде польза ер адамға ғана. Шақырды, анау "Қойшы, өлдің ба?" деді. Бітті, таң атқанша періште лағнет айтады. Ал оның басқа кездегі бұйрығын орындамай қою, оның күнәсі ауыр! Ал ер адамға пайғамбарымыз не дейді? Сен атта тұрып, ол сені шақырса түсуің керексің. Бірге-бір бұл жерде. Машинаны оталдырып жатып, әйелің келіп "отағасы үйге кіріп кетсең" десе, сен "Е, қойшы е" деуіңе болмайды",-деген имам.

Имамның осы сөздерін тыңдаған жұрт кесіп айту дұрыс емес деген пікірлер жазған.

"Біз арабтар сияқты өзіміздің күтімімізді баптап отырған әйелдер емеспіз. Онсыз да көптеген әйелде күйеуі масыл. Баланы бағамыз ба? Үй шаруасына үлгереміз ба? Одан қалды тұңғыш баламызға айналған күйеуіміздің көңілін табамыз ба? Бұлай ай-шайсыз келісу керексің деген дұрыс емес. бірде ауырасың, бірде жағдайың болмайды. Өйтіп үйдегі күнде ұрысып отырған күйеулерімізді есіртпеңіз", "Ойбай осындай уағыздар құртады. Күнде шешең,әкең деп отырған адамға түнде келісе кету қаншалықты дұрыс?","Періштелер әбден лағнет айтқан шығар біраз әйелге, не істейік енді, молдеке?","Өңшең еркектерді жинап алып тәрбиелеудің орнына, бұзып отырсыз" деген сынды қарсылық пікірлер өте көп жазылған.

 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар