Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Референдум-2026

Қазақстандық журналист кішкентай қызымен бірге Түркияда жол апатынан қайтыс болды

Қазақстандық журналист кішкентай қызымен бірге Түркияда  жол апатынан қайтыс болды
Ашық дереккөзі
Антальяда болған жол апатынан 3 адам қайтыс болып, 17 адам жарақаттанған.

Атыраулық журналист Арайлым Бағытжат 2 жасар қызымен бірге Түркияда жол апатынан қайтыс болды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Оқиға Түркия мемлекетінің Анталья қаласында болған. Атырау әкімінің орынбасарының сөзінше журналисттің қасында кішкентай қызы мен күйеуі болған.  Күйеуі қазіргі таңда ауыр хәлде ауруханада жатыр. 

"Қазіргі уақытта Қазақстанның Түркиядағы Елшілігімен келіссөздер жүргізілуде және отандасымызды емдеу үшін барлық жағдай жасалуда. Сондай - ақ өлгендердің денелерін тасымалдау жұмыстары жүргізілуде", - деді  Атырау қаласы әкімдігінің орынбасары. 

Антальяда болған жол апатынан 3 адам қайтыс болып, 17 адам жарақаттанған. 

Еске сала кетейік, ерекше баланың анасы, журналист Арайлым Бағытжан  "Зейін Атырау" орталығын негізін қалаушысы болып қызмет еткен.

Akarman K
Автор

Akarman K

21 years old

Ұқсас жаңалықтар