Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Есірткі сатқан": Қостанайда 2 студент қыз 10 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

"Есірткі сатқан": Қостанайда 2 студент қыз 10 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Ашық дереккөзі
19 жастағы 2 қыз психотроптық заттар сатқан

Қостанайда екі студент қызға ауыр айып тағылды. Олардың ісі сотта қарала бастады, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Айыптау актісіне сәйкес, төрт ай ішінде Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінің 3-курс студенттері 19 жастағы екі қыз психотроптық заттарды сатып алып, тасымалдап, сақтап және сатқан.

"Олар тек Қостанайда ғана емес, Петропавлда да жұмыс істеген. Қаңтар айында ұсталған қыздар есірткі заттарын тұрғын үй подъезіне, пошта жәшігіне және тағы басқа жасырын орындарға қойып кету арқылы есірткі таратқан. Оларды қашықтан "кураторлары" басқарып отырған", делінген "Алау" басылымында. 

Ұстау кезінде студенттердің жанынан ішінде ұнтағы бар 50 орам, ал олардың жалдамалы пәтерінде 192 грамм синтетикалық мефедрон есірткісі табылып, тәркіленді, бұл - өте үлкен көлем. Оларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша айып тағылды. Ең аз дегенде қос бойжеткен 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін. 

Аяулым Изатқызы
Автор

Аяулым Изатқызы

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар