Егіздер
Қыңырлық - егіздердің бірден-бір белгісі. Туғаннан бұл белгідегі адамдарға қыңырлық тән. Олар үнемі мәселені шешумен жүреді. Олар қандай да бір шешім шығарса да, оларға сенім артпаңыз. Біраз уақыт өте келе бұл пікір өзгерері анық.
Бикеш
Біздің әлеміміз белгілі бір деңгейде басқарылатын болса, бикештер бірінші кезекте қуанатын еді. Айналасындағы адамдардың тыңдағанын бұлар қатты ұнатады. Бұл жерде қыңырлық неде дерсіз? Ал бикешті тыңдаған адамдар мұны түсінеді, оның пікірінің барлығымен келісе беруге болмас. Олар әр тақырыпта күйбелең жағдайды көре отырып, ішкі-сыртқы үйлесімді, ыңғайлылықты еш түсінбейді.
Таразы
Таразы біресе ана жаққа ауытқып, біресе мына жаққа ауытқып, теңгерімді ұстай алмайды. Бұл жұлдызнама өкілдері өз көзқарасын тез ауыстырады, сондықтан да кінәлі. Олардың қасында сақ жүріңіз және ұқыпты болыңыз. Сенімділік олар үшін мықты қасиет емес, және де таразылардың қыңырлығы сіздің мазаңызды қашыруы да ықтимал.
Мерген
Мерген үнемі жақсылық ойлап жүреді, сондықтан адамдарды қандай да бір іс-әрекетке, қылыққа итермелеп жатады. Дәл әрекет ететін кездері мергенді сахнадан таппай қаласыз. Ол мұндай кездері оңаша болғады ұнатады. Толықтай алғанда, бұл белгіні әлеуметтік деп бағалауға болады. Ол уақытта жақсы өткізгенді ұнатады, алайда бұл жерде жауапкершілік деген сөз айтылғанды ұнатпайды.
Суқұйғыш
Суқұйғышта бәрі жақсы, тек олар себепсіз отырып алып өкпелегіш. Егер суқұйғыштың ойына қандай да бір идея келсе, ол соны іске асырмайынша қоймайды. Ол қыңыр болуымен қатар, эгоист те. Өз қалауы мен тілегін бәрінен артық қояды. Бұл белгі тұрақсыз әрі сенімсіз: уәдені орындаймын деп ант-су ішсе де, орындайтыны неғайбыл.
Балықтар
Қыңыр адамдар жасырынып жатқан тағы бір белгі - балықтар, бұлар да түрлі бағытта жүзіп жүреді. Олар тұрақты емес, сондықтан да өзінің уәдесі мен міндеттерін тез ұмытып кетеді. Сізді тыныштандыру және қолдау үшін әдемі әндерін айтуы мүмкін. Ал кейіннен бұл сөздер мен уәделер сол жерде ғана қалады. Олар судың тереңінда жатып алып, көңіл-күйлері өзгермегенше, біраз уақыт сізбен араласуды да қоюы мүмкін.