Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Бүкіл әлемді қараңғылық басады: астрономдар 2 тамыз күні болатын құбылыс туралы айтты

Бүкіл әлемді қараңғылық басады: астрономдар 2 тамыз күні болатын құбылыс туралы айтты
Сурет: russianteleweek.ru
2 тамызда Күннің тұтылуын бірнеше өйірдің тұрғындары байқай алады.

2 тамызда бүкіл әлем 6 минутқа қараңғылықта қалады деген ақпарат желіде тарады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Space басылымына сілтеме жасап.

Мұндай құбылыс 100 жыл бойы қайталанбауы мүмкін екені айтылады.

2027 жылдың 2 тамыз күні XXI ғасырдағы ең ұзақ күн тұтылуы тіркеледі.

Астрономдардың есебі бойынша, Ай Күнді толық 6 минут 22 секундқа жабады. Бұл – Жерден бақылауға болатын ең ұзақ түнек сәттерінің бірі.

2024 жылдың сәуірінде Солтүстік Америкада күн тұтылу кезеңі ең ұзақ 4 минут 28 секундқа ғана жеткен.

Күннің тұтылуы Испанияның оңтүстігінен басталып, Гибралтар, Солтүстік Африка елдері – Марокко, Алжир, Тунис, Ливия, Мысыр арқылы өтіп, Таяу Шығысқа – Сауд Арабиясы, Йеменге, әрі қарай Сомали мен Судан аумағына жетеді. Осы 11 елдің тұрғындары ғажайып құбылысты көре алады.

Күн тұтылудың жартылай фазасы Африканың көп бөлігінде, Оңтүстік Азия мен Еуропаның кейбір өңірлерінде көрінеді. Бірақ кейбір аймақтарда күннң тұтылуы байқалмайды. Яғни, бүкіл әлемді қара түнек басады деоген ақпарат шындыққа жанаспайды деген сөз.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар