Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жетісуда өзінің балаларын 1 млн тенгеге сатып жіберген әйел ұсталды

Жетісуда өзінің балаларын 1 млн тенгеге сатып жіберген әйел ұсталды
Ашық дереккөзі
2022,2023 жылы туған сәбилерін саудаға салған.

Жетісуда өзінің балаларын млн тенгеге сатып жіберген әйел ұсталды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі KTK арнасына сілтеме жасап. 

Тасбауыр ана әр сәбиін бір миллион теңгеге бағалап, қаржыны қалтасына басып үлгеріпті. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 23 жастағы әйел өткен жылдың қазан айында босанып, шақалақты бірден ақшаға айырбастаған. Ол бауыр еті баласын делдал арқылы саудаға салған.  Келіншек өткен айда туған екінші сәбиін бір миллион теңгеге өткізіп жіберген. Қазір қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Егер әйелдің кінәсі дәлелденсе, 9 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

"Күдікті делдалдар арқылы өзінің 2022 және 2023 жылы туған екі баласын сатқаны анықталды. Бірінші факті 2022 жылдың қазан айында, екінші факті 2023 жылдың тамызында болған. Екі жағдайда да мәміле сомасы 1 миллион теңгені құраған",- дейді ҚР ІІМ ресми өкілі Шұғыла Тұрлыбек.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар