Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыда 7 жасар қыз көршісінің 8 метрлік кәріз-құдығына құлап, төсек тартып жатып қалды

Алматыда 7 жасар қыз көршісінің 8 метрлік кәріз-құдығына құлап, төсек тартып жатып қалды
Ашық дереккөзі
Балақайдың басына ауыр ота жасалды

Алматыда  7 жасар қыз кәріз-құдығына  құлап, басынан ауыр жарақат алды. Әкесінің артынан ілесемін деп ерген бала 8 метрлік құдыққа байқаусызда түсіп кеткен деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. 

Оқиға шамамен 10 ай бұрын болған. Әкесінің артынан ерген кішкентай қыз көршісінің беті ашық қалған құдығына  түсіп кетеді. Әкесі барын салып қызын құдықтан шығарған. Солай ауруханаға апарған. Дәрігерлер қыздың басына 4 сағат бойы ота жасап, ондағы жарамай қалған сүйегін алып тастаған. Асыр салып ойнап жүрген қыз содан бері төсектен тұрмаған. Анасы қызының тірі өлікке айналғанын айтуда. 

Құдықтың бетін ашық қалдырған көршілері арыз жазбауын сұрап, қыздың емін толықтай төлеуге уәде берген. Бірақ, толықтай емді көтермек түгілі, кішкене болсын көмек көрсетпеді дейді қыздың анасы.

"Біреуіне де көмек берген жоқ. Ақша сұрасам айқайлап, ұрысып кетеді. Бірақ ота болған кезде осы қыз аяққа тұрғанша көмектесетінін айтты. Сөйтіп полицияға арыз жазбауымды сұрады",-дейді Маликаның анасы Үрзия Құрбаниязова. 

Баласы үшін шырылдап жүрген ана көршісінің  "емге ақша жоқ" деп, үлкен ғимарат салып жатқанын айтты. 

"Канализацияның егесі сол кезде пайдаланып "әкең барма, шешең бар ма, туысың бар ма" деп сұрап алды. Мен ойымда ештеңе жоқ бәрін айтып отырдым. Кейін барып айтады да "ешкімің жоқ,жазсаң жаза бер"  деп ешкімің жоқ болса басынуға болады  дегендей",-деді Маликаның анасы Үрзия Құрбаниязова. 

Денсаулығына байланысты мектепке бара алмай қалған Маликаның арманы араб тілін оқып, мешіт салу. Анасын Меккеге апаруды қалайтынын жиі айтады екен. 

Құдықтың иесі өзінің қаржылай көмек көрсеткенін айтып, Үрзияның сөзін жоққа шығаруда. Дәрі-дәрмектеріне ақша бердік дейді олар. 

Қазір 7 жасар қызды емдеу үшін Түркия еліне бару қажет дейді анасы. Өзі іздеп, зерттеп сол жақтағы медициналық орталықтарымен сөйлескен. Қызының денсаулығын қалпына келтіру үшін 10 млн тенге керек екен. 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар