Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыда қоғамдық көлікте қыздардың  санынын сипап, кеудесін ұстайтын  еркектер көбейгенін айтып шағымдануда

Алматыда қоғамдық көлікте қыздардың  санынын сипап, кеудесін ұстайтын  еркектер көбейгенін айтып шағымдануда
Ашық дереккөзі
Жапа шегуші қыздар:бұндай істі полиция қызметкерлері қарамайды

Алматыда қоғамдық көлікте қыздардың  санынын сипап, кеудесін ұстайтын  еркектер көбейгенін айтып шағымдануда. Олар қоғамдық орында жас қыздардың етегін көтеріп, қол жүгіртеді екен, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Алматы қаласы жастардың көп шоғырланған жері. ЖОО-да оқып жүрген қоғамдық көлікті күнде пайдаланатын қыздар өздеріне бейтаныс еркектердің жақындап, тиісуі үлкен мәселе болып жатқанына шағымдануда. Қыздар намыстарының жерге тапталғанын айтуда.

«Қоғамдық көлікте неше түрлі жағдай болады. Кешке қарай адам көп кезде  бір кісі менің қасыма жабысып тұрып алды. Бірінші саныма тиді қолы, мен байқамаған шығар дедім. Бірақ ол қайталана берді. Мен ұрыстым қоғамдық көлікте. «Тыныш тұрасыз ба» деп айқайладым. Мен ол күні жабық, кең киім киген едім. Одан кейін тағы мен көйлек киіп қоғамдық көлікке мінгенде  басқа бір жағдай болды. Ол кезде телефонды жерге түсіріп біреу менің етегімнің астын суретке түсірді»,- дейді  Дана Адеева.

«Мен  кең киіндім. Қоғамдық көлікте ол кісі мас болды. Ешкім байқамады. Ол ешкімге байқатпай тиісіп тұрды»,-дейді  Айтолқын Жанысбек.

Жапа шеккен қыздар полиция қызметкерлері осындай мәселемен барғандарға іс қозғамайтынын айтты. Көп қоғамдық көліктерде  бейнебақылау жұмыс істемеген соң дәлелдеуге мүмкіндігі жоқтығына күйінуде.

 

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар