Жамбыл облысында 31 жастағы азамат жұмбақ жағдайда көз жұмған
- автор kyn.kz
- 28 қыркүйек, 2023
- 1.0k
Гүлжан Қанаева ұлы досымен кетіп, табытпен оралғанын айтты. Жұмбақ жағдайды өмірден өткен ұлының мәйіттін бес күннен соң өзеннен тапқан, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы, Өрнек ауылында Гүлжан Қанаева ұлы Нұрғалми Қанаев досымен 26 сәуір күні көкке шыққан күйі оралмағанын айтты. Бес күннен кейін ғана жігіттің мәйітін өзеннен тапқан екен. Баласының қай жерде қалай көз жұмғанынан хабарсыз ана, бұл оқиғаның шындығын білгісі келеді. Жігіттің қайтыс болғанына төрт ай босада полиция бұл іспен толық жұмыс жасамаған.
"Тұңғыш ұлым 31 жаста еді. Нұрғали жылқы бағатын. Өз тірлігіне пысық еді. Уақытында келетін. Осы жасқа дейін мәселе болмаған. Үйленбеген еді. Мен үйде болғанмын. Балалар ұлыма хабарласып, қыздардың келе жатқанын айтты. Қайтадан хабарласты. Қыздар кеп қойғанын айтты. Дәурен есімді жолдасы хабарласа берді. Жылы киініп мотоциклмен кетті. Ішім бірдеңені сезгендей болды. Ертесіне одан хабар ала алмадым. Дәуренге хабарласып, ұлымды сұрадым. Ол ұлымның түнде он жарымда ашуланып кетіп қалғанын айтты. Көкке шықпадық деген. Үш-төрт күн басқа балаларым қаза болған ұлымды іздеді»,-дейді анасы.
Полицияға арыз жазған соң іздестіріп, мәйітті тапқан. Марқұмның өзін де, оның айдап барған мотоциклде кейіннен өзеннен тапқан. Мәйітті көргенде оның мойынын қылқындырған іздердің болған екен. Марқұмның туыстарының айтуынша, бұл өзенге түсіп өлу емес, біреудің әдейі өлтіруі. Себебі, мәйітте жігіттің бірнеше жарақат алғаны анық байқалған.
«Бас-сүйек жарақатын алған Нұрғали өз аяғымен өзенге бара алмас еді»,-дейді Тахир Халимзаров.
Аудандық полиция қызметкерлері күдікті Дәуренді 106 бап 1 бөлімі бойынша қамауға алғанын айтты.