Белгілі әнші Мөлдір Әуелбекова тойға шығып, қыз ұзату әнін орындауына қанша ақша алатынын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. Бұл ақпаратты instagram парақшасында жариялаған.
Әнші соңғы уақытта сахнадан гөрі той мен жеке кәсіп саласында белсенді. Тойға шығып ән айтып, қыздарды ұзатса, әлеуметтік желі арқылы өзінің бренд киімін сату арқылы табыс табуда. Жұрт әншінің орамалға келгелі сахнадан жиі көрінбейтіннін айтуда. Дегенмен, орамалдағы аруларға арналған киімдері халықтың көңілінен шығады екен.
Дауысы ерекше әнші Мөлдір Әуелбекованың өзін ұзатқанын қалайтын бойжеткендер өте көп. Оқырмандары ұзатуға шығу қанша тұратынын сұраған. Әнші Stories-інде 1.500.000 деп жауап берді.
Айта кетейік, әншінің инстаграм парақшасында 3 млннан аса оқырманы бар.