Блогер Дархан Жолшыбеков өзіне жол көрсеткен адамның болмағанын айтты. Барлық нәрсеге тәуекел етудің арқасында жеткенін мәлімдеді. Блогердің 385 млн қарызы болған, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. Бұл ақпаратты Аман Тасығанға берген сұхбатында айтқан.
Блогер 3 жылдың ішінде өмірінің түбегейлі өзгергенін айтты. 2020 жылы болған екі көлігін де қарыз бен несиеге алса, қазіргі кездегі дүниесінің барлығы өзінікі екен. 300 млн тенгені құрайтын үй, одан бөлек қымбат бағаланатын екі көлікті еңбекпен тапқан ақшасына сатып алған.
"Мен үйленген кезде менде барлық кәсіп жабылды. Тек блогерлік болды. Оны кәсіп деп айтуға болмайды. Ол қатты дамымаған кез еді. Сол кезде есептей бастадым. Неге менің пәтерім жоқ, неге менің қарызым көп деп ойландым. 2020 жылдарығой сол. Типа блогерсің. Елдер "Дарханның джипі бар, мерсі бар" деп айтады, өзінше болып жүресің. Бірақ қалтаңда көк тиын жоқ. Бір үйің жоқ. Мерседесің қарызға алынған. Джипің кредитте. Сол кезде шынымен сондай болды. Қатты ойландым. Мынаны төлемесең қазір алып кетеді дедім. Сол кезден бастап есептей бастадым. Менде жол көрсететін адам болған жоқ. Барлығы тәуекелмен кетті. Тәуекел менің өмірімді өзгертті деп сеніммен айта аламын",-деді блогер.
Дархан отбасылы болған соң бар жауапкершілікті сезіне бастаған екен. "Еркек үнемі ақша табу керек",-деді ол. Себебі, баланы асырау, керек нәрсені әперу оңай еместігін айтты. Кішкентай кезінде ақша жетіспеген соң үйінде көп ұрыс болғанын жасырмады. Сол үшін өз отбасында ондай жағдайға жеткізбеуге тырысады екен.