Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Депутаттар қандай кітап оқып жүргенін айтты

Депутаттар қандай кітап оқып жүргенін айтты
Ашық дереккөзі
Ардақ Назаров: Ішінде парасатты дүниелер бар. Жаттап жазып жатырмын.

Депутаттар қандай кітап оқып жүргенін айтты. Видеоны депутат, блогер Дәулет Мұқаев instagram  желісіндегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. 

Дәулет Мұқаев парақшасына жазба жариялап, депутаттардың қандай кітап оқып жатқанын білді. "Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің депутаттары Қарағанды облысына жолға шықты. Жұма қабыл болсын. Ал сіздің соңғы оқыған кітабыңыз қандай?" - деп жазды ол.

Асхат Аймағамбетов Эрих Мария Ремарктің "Триумфальная арка" кітабын оқығанын, Ринат Зайытов Тұрсын Жұртбайдың "Алаш қозғалысы" кітабын аяқтап, Ардақ Назаров "Құтты білікті" оқып жатқанын, Айна Мысырәлімова Ілияс Есенберлиннің "Көшпенділер" кітабын қайталап оқып жатқанын айтты. Одан бөлек, Нұргүл Тау Лоретта Бруни "Бақыт гормондары", Жанарбек Әшімжанов Флобердің "Бовар ханымын", Березовскийдің "Мемуарын", Нұрлан Әуесбаев Төрехан Майбастың "Қырмалдық" деген кітабын оқығанын,  Жұлдыз Досбергенқызы Рахат Мамырбектің "Ұлт туралы арманын" аяқтап, "Либерализм және оған айтылатын сын" атты кітапты оқып жатқанын, Санжар Керімбай құрастырған "Қуыс кеуде" атты шығарманы оқып жатқанын айтса,  Гүлдара Нұрымова "Махаббат, қызық мол жылдарды" оқығанын, Нартай Аралбайұлы Оралхан Бөкейдің "Атаукересін" оқып жатыр екен. Ал, Дәулет Мұқаев Хараридің "Sapiens" кітабы соңғы оқыған кітабы екенін айтты.

"Ішінде парасатты дүниелер бар. Жаттап жазып жатырмын", - дейді Ардақ Назаров.

 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар