Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов Азия ойындарында мерзімінен бұрын жеңіске жетті, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Ширек финалдық жекпе-жекте Муйдинхуджаевқа бірінші, екінші раундта басымдық танытты (екеуі де 1:4 есебімен), бірақ соңғы раундтағы айқаста төреші жекпе-жекті үзіп, қазақстандық боксшының пайдасына шешілгенін жариялады.
Асланбек Шымбергенов қарсыласын үш рет нокдаунға түсіріп, жеңіске жетті. Бұл нәтижемен Асланбек мерзімінен бұрын Азия ойындарының жүлдегері атанды.