Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Максим Галкинның концерті Қазақстанда өтпейтін болды

Максим Галкинның концерті Қазақстанда өтпейтін болды
Инстаграм парақшасына алынды
Алматыда  сахна механиктерінің апатты жағдайын жарияланған.

Ресейдің танымал жұлдызы Максим Галкиннің концерті Қазақстанда өтпейтін болды. Ол өнер көрсетуі тиіс Алматы мен Астананың концерт залдарында «сахналар мен коммуникациялардағы проблемалар» анықталды, деп  хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Алматы қаласындағы  сахна механиктерінің апатты жағдайын жарияланған. Ал, елордада «коммуникацияларды жөндеу» туралы мәлімдеді.

Осы уақытқа дейін Максим Галкин Қазақстанда концерт өткізуде біршама қиындықтар болып жатқанын өз парақшасында жариялаған еді.  Одан кейін тағы да бұл мәселенің шешілгенін жазды. Солай, концерт күнін айтып, тыңдармандарын жеке кешіне шақырды. Билеттері сатылып, күн жақындағанда сахнаның жағдайына байланысты мәселелер пайда болған.
 

Танымал өнер иесі «Қазақстанды және оның халқын жақсы көретінін» айтып, болған оқиғаға өкініш білдірген.

Айта кетейік, Максим Галкин өз парақшасында қазір 97% билеттің сатылып, 30% келуші тыңдармандар басқа қаладан екенін  жазған.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар