Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жахан Отарғалиев денсаулығы сыр беріп, ота жасатты

Жахан Отарғалиев денсаулығы сыр беріп, ота жасатты
Инстаграм
Актер шетелде ота жасатқанда наркозда жатып, жанында ешкім болмай қалғанын айтты

Жахан Отарғалиев жақында денсаулығы күрт нашарлап, дерттің себебін анықтай алмай қатты қиналған. ол бірден Түркияға барып, түгел тексерістің нәтижесінде өзіне жедел ота жасату қажеттігін білген. Стамбұлда аяқ асты отаға жатқан шоумен, қатты қиналғанын, қасында өзіне қарайтын жақыны болмай қалғанын айтты, деп жазды KYN.KZ  тілшісі.

"Ақтөбе қаласында өзімді жайсыз сезініп, гастрольді тоқтатып тастадық. Екі күн ауырып, болмағасын досым "Стамбұлға ұш" деді. Жалғыз өзім Стамбұлға кеттім.Толық тексеріліп жатып, ойда-жоқта эндоскопия, колоноскопиядан бір-ақ шықтым. Ішектен үлкен полип шығып, ота жасаттым. Мен наркозда жатқанда, жанымда полипті алып, ота жасауға рұқсат сұрайтын адам да болмады.

Досым жауапкершілік алып, ота жасауға рұқсат берді. Жоқ кезінде ғана жаныңда болған жақындарыңды бағалап бастайды екенсің. Ең бастысы, өздеріңізді ойлаңыздар. Мен өзімді қолға алып, ақырындап әрекет жасап жатырмын. Соңғы он күн мен үшін қиын болды. Мені көп адам жаман деуі мүмкін. Әрине, өзімді ақтамаймын. Бірақ, бәріне жағу мүмкін емес. Шетелде қиын. Сол кезде бір жылулық, бір хат болсын күтесің. Осы жолы мені таңғалдырғаны, күткен емес, күтпеген адамдардың көңілі", - деп жазды Жахан Отарғалиев. 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар