Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Шымкентте шенеуніктер бюджеттен 1,1 млрд теңге жымқырып, элиталы үй сатып алған

Шымкентте шенеуніктер бюджеттен 1,1 млрд теңге жымқырып, элиталы үй сатып алған
Электр желісін жөндеуге бөлінген ақшадан Астанадан қымбат үй алған

Шымкентте коммуналдық кәсіпорын басшылығы 1,1 млрд теңге жымқырды деген күдікке ілінді. Қаржыны қалтасына басқандар Елордадағы элиталы тұрғын үй кешендерінен құны 150 миллион теңгеден асатын жылжымайтын мүлік сатып алған. Тергеу нұсқасы бойынша, олар жұмыс пен тауарлардың құнын жоғарылатып, жылу және электр желілерін жөндеуге бөлінген бюджет қаражатын ұрлаған.

 

Күдіктілер соттың санкциясымен қамауға алынды. Барлық мүлікке тиым салынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда,-дейді ҚР қаржы мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар