Англияда жұмыс істеп көп ақша табамыз дегендер ұйымдастырушы компанияға алданып, шу шығарды
- автор kyn.kz
- 3 қазан, 2023
- 2.5k
Алматыда шетелден жұмыс тауып беруге уәде еткен Svictory компаниясына алдандық деген жұрт шу шығарды. Айтуларынша, 100-ден аса адамның әрқайсысы Англияда жұмыс істеп ақша табу үшін аталмыш серіктестікке миллиондап төлеген. Келісім бойынша жазда ұшып кетуі керек еді. Бірақ қалың бұқара әлі күнге дейін шетел түгілі, өз қаражатын қайтара алмай, Алматыда сабылып жүр, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі KTK арнасына сілтеме жасап.
Өз ақшасын сұрап келгендерді компанияның күзетшісі сол күйі кіргізбеді. Мұнда тұрған үлкеннің де, кішінің де басындағы мәселесі тікелей Svictory компаниясына қатысты. Бірі жарқыраған инстаграм парақшасын көріп, енді бірі танысынан естіп ақша табамыз деген үмітпен серіктестікке алды 750 мың, ең көбі миллион жарымға дейін санап бердік дейді. Өзге елде жұмыс істеудің басты себебі — ақша. Аты айда бақандай 6 миллион теңге табасың деп сендірді дейді. Өз есебінше, сөйтіп ақшасын төлеп шетелге шыға алмай қалғандардың саны 100-ден асады. Ал компаниядағылар жұрттың жанайқайына мүлде құлақ асқысы келмейтін сыңайлы. Біз жұмысымызды толықтай атқардық деп отыр. Ал қаражат туралы ләм-мим демеді.
"Келісімшартқа сай біз бір жылдың ішінде шетелге шығарамыз деп уәде бердік. Талай адам сонда қазір жұмыс істеп жатыр. Бірақ көбісі әлі кете алмады. Өйткені елшілік оларға виза беруден бас тартты. Біз елшіліктің әрекетіне жауап бермейміз. Ал елшілік талап еткен құжаттың бәрін сол компания өкілі жинап тапсырды дейді жұрт",- компания өкілі Гүлсара Меңғали
"Svictory маған құжаттың бәрін жинап берген. Осы кісілердің жинап берген құжаттарымен мен елшілікке барған едім. Жалған құжат деген жауап келді. Бұл кісілер дұрыс жинамаған. Жалған құжат жасағаннан кейін мен өте алмай қалдым. Мен сол үшін өзімнің ақшамды талап етемін",- деді Мәдина Әлиева
Svictory-ға алдандық деп шырылдап жүргендермен қоса, бүгін шетелден жұмыс тауып беретін өзге компанияға сеніп қарызға белшесінен батқандар наразылық білдірді. Олар да Англия мен Швейцарияда құлпынай, саңырауқұлақ, алма теріп, үш айда үш миллион теңге таппақ болған. Сөйтіп жыл басында әрқайсысы 750 мың теңгесін қалтасынан жырып беріпті. Бірақ соңында сенген компаниямыз сан соқтырып кетті деп отыр.
" Тамыз айының бас жағында ақшамды қайтарып алу үшін арыз жазған болатынмын. Одан соң олар күнде ертең ақша саламыз деп келді. Әр келген сайын ертең 150 мың аласыз, қалған 600 мыңды үштөрт айға бөліп беремін деп алдап жүр",- деді Асхат Кәрібай
Арманы салы суға кеткен халық шетелден баяғыда үмітті үзген. Ендігі талабы тек біреу — ақшасын толық қайтарып алу. Енді былықты ашу үшін полицияға шағымданады.
Ұқсас жаңалықтар
Сібір жарасы: Атырауда орталық базардың ет павильоны жабылды
- авторТомирис Тоныкөк
- 6 желтоқсан, 2024
Келестегі анасы мен қызының өлімі: экс-мұғалімге сот үкімі шықты
- авторТомирис Тоныкөк
- 6 желтоқсан, 2024