Өзіне сатқындық жасап жүр деп күдіктенген ер адам әйелінің жыныс мүшесіне петарда салып жарды
- автор kyn.kz
- 6 қазан, 2023
- 12.5k
Қайғылы жағдай Чехияда болған. Мұндай әрекетке украиналық ер адам барған, деп жазды KYN.KZ тілшісі. 35 жастағы ер адам әйелініғң өзіне адалдығына күмән келтірген. Сол себепті жанжал шығарып алдымен нәзік жандыны аяусыз ұрған. Соңында жарылғыш затты жыныс мүшесіне салып, жарып жіберген.
Жарылғыш жарылғаннан кейін әйелдің жыныс мүшесінен қатты қан кеткен. Оны күйеуі ауруханаға өзі жеткізді. Олар екеуі бірігіп дәрігерлерді алдауға тырысқан. Әйел ұрыс кезінде жыныс мүшесін жарақаттап алғанын айтып, күйеуінің әрекетін жасырып қалуға тырасты. Ер адам да әйелі қалай жарақаттағанын жеңіл - желпі суреттеп берген. Бірақ, дәрігерлер ерлі-зайыптының әңгімесіне күмәнмен қарайды.
"Әрине, дәрігерлер әйелдің жарақаттары күйеуі сипаттаған жағдайға ұқсамайтынын түсінді, тіпті олар бұл туралы полицияға хабарлаған", - деді полиция өкілі Михаэла Рейндлова.
Оқиғаны зерттеген полицейлер ер адамды кінәлі деп тауып, оны қамауға алды.
"Егер ол бостандыққа шықса, оған қылмыстық іс қозғамауы мүмкін, ол мұндай қылмыстық әрекеттерін жалғастыруы мүмкін деген қауіп бар", - деді судья Радек Видра.
Әйелге ауыр жарақат келтіргені үшін ер адам 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сот отырысында ер адам өзінің әрекетін түсіндіруден бас тартты. Алайда оның қорғаушысы қамауға алу шешіміне апелляциялық шағым түсіріп үлгерген. 35 жастағы жәбірленуші әлі ауруханада жатыр. Оның жағдайы өте ауыр.