Семейде түрмеде отырған экс-орган қызметкерлері қолдан пышақ жасап, жаппай төбелесті
- автор Анар
- 18 қазан, 2023
- 1.5k
Төбелес кезінде марқұм болған жігіт сол Семейдегі түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқандардың бірі екен, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.
«Мән-жайды толық баяндай алмаймын» деген вице-министр Игорь Лепеха жағдайды бақылаудан шығарып алған құзырлы орын қызметкерлерінің тарапынан қателік кеткенін мойындады. Қазір олар жауапқа тартылды деп сөзін түйіндеді ол. Бұған дейін Абай облысындағы колонияда сотталғандар жанжалдасып, олардың бірі сол оқиға орынында көз жұмғаны хабарланған. Қылмыс 5 қазанда Абай облысындағы №19 түрмеде болған. Атап өту керек, бұл колонияда прокуратураның, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ұлттық ұланның және құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлері жазасын өтеуде.
- Оның қолдан жасаған пышағы болған. Өкінішке қарай, бұл біздің қызметкерлердің бақылауынан шығып кеткен жайт. Біз бейнебақылауды қарадық, сол кезде олардың екеуі оңашада қалғаны көрінеді. Сырттан ешкім болмаған. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Біздің қызметкерлер жауапкершілікке тартылды. Олар бірге жазасын өтеп жатқан, бірақ бір камерада болмаған,-дейді Игорь Лепеха, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары.