Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Америкалық 42 жастағы әйел өзіне тұрмысқа шығып, үйлену тойын жасады

Америкалық 42 жастағы әйел  өзіне тұрмысқа шығып, үйлену тойын жасады
Stan.kz
Ол өзіне гауһар тасты сақина сыйлап, достарымен бірге бойдақтар кешін ұйымдастырды

Шетелдік The Sun басылымының мәліметінше, Сара үйлену тойын жасап, қалыңдық атануды кішкентай күнінен армандаған,деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

«Мен бала кезімнен тұрмысқа шығуды армандаған әйелдердің бірімін. Кішкентай кезімде қалыңдық болып, үстіме перде киіп, басыма пластик тәж тағып ойнайтынмын. 15 жасымнан бастап егіз ұл немесе үшем қызым болғанын қалап, болашақ күйеуім екеуміз айналасы аппақ шарбақпен қоршалған әдемі үйде тұратынымызды армандадым», - деді Сара Уилкинсон.

Әйелдің алғашқы әрі ұзақ мерзімді қарым-қатынасы 28 жасында басталып, төрт жылға созылған. Содан бері әйел серіктес іздеп, өзіне деген сүйіспеншілігін байқап, өзіне-өзі үйленуге шешім қабылдаған.

Ол өзіне неке сақина сыйлап, жиналған жақындарымен бірге бойдақтар кешін жасады. Содан кейін 80 қонақтың қатысуымен үйлену тойын жасап, өзіне жақсы көруге және қамқор болуға ант еткен. Америкалық әйел тойына 12 мыңнан аса доллар жұмсаған.

Анар
Автор

Анар

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар