Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жәнібек Әлімханұлы Канелоны жекпе-жекке шақырды

Жәнібек Әлімханұлы Канелоны жекпе-жекке шақырды
Tengrinews.kz
Отандасымыз Канелоны ақпан айында жұдырықтасуға ұсыныс тастады.

WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) екінші орта салмақтағы абсолют әлем чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альвареске (60-2-2, 39 КО) қарсы жекпе-жек өткізуге дайын екенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Жәнібек Әлімханұлы бұл туралы әйгілі «Канелоға» Instagram-дағы парақшасында үндеу жасады.

«Менің дайын екенімді білесіздер. «Канело» дайын болса, мен онымен ақпан айында жұдырықтасуға дайынмын. Маған төрт белбеу керек. Мен оны оңайшылықпен нокаутқа түсіре аламын. Бокстан хабарыңыз болса, сіздер бәрін білесіздер», - деп жазды қазақстандық боксшы.


Айта кетсек, 15 қазан күні Жәнібек Әлімханұлы (14-0, 9 КО) германиялық Винченцо Гуальтьериді (21-0-1, 7 КО) жеңіп, WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы атанған еді.

Анар
Автор

Анар

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар