Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Халықты қарызынан құтқаратын құжат қабылданды

Халықты қарызынан құтқаратын құжат қабылданды
Taulik.kz
Енді осы құжат арқылы қаржы ұйымдарына қарызға батқандардың саны азаюы мүмкін.

Бүгін мәжілісмендер борышқа батқан халықты берешектен босатуды көздейдін құжатты бірінші оқылымда қабылдады,деп хабарлайды  KYN.KZ тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.

Төменгі палатада қаралаған заң жобасы бойынша микроқаржылық ұйымдар салықтан босатылуы мүмкін. Түбегейлі емес, үш жылға ғана. Есесіне олар қазақстандықтардың жылдап жиналған қарызын кешіруге немесе жеңілдетуге ықпал жасайды. Құжатқа енгізілген өзгерістер тағы басқа да жаңашылдықтарды қамтыған. Соның бірі — Ұлттық қордың табысынан аударылатын нысаналы жинақтарды салықтан босату. Салық кодексіне енгізілген түзетулерді депутаттар бірінші оқылымда мақұлдады.

“Бұл қарапайым халықтың, әсіресе жеке тұлғаларды қолдауға бағытталған. Барлығымызға аян, халық несиені ақтай алмай, жаба алмай жүр. Осыны жеңілдету норма енгізілді. Микроқаржы ұйымдарының салық базасын, үш жылға салықтан босату. Қаржы ұйымы ары қарай жеке тұлғаны міндеттеп қинамай, жеке тұлғаның қаржысын баланстан шығарады”,-дейді Мәди Тәкиев, Мәжіліс депутаты.

Анар
Автор

Анар

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар