Қазақстан Премьер-Лигасының 25-турында шымкенттік «Ордабасы» өз алаңында қарағандылық «Шахтерды» қабылдады,деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
Чемпиондық атақ үшін алаң иелеріне тең нәтиже де жеткілікті еді. Шымкенттіктер алғашқы минуттардан бастап шабуылдады. Нәтижесінде Айбар Жақсылықов, Шахноз Умаров және Артем Беседин мергендік танытты. Қонақтар тек голмен ғана жауап қайтарды. Голдың авторы - Тимур Чогадзе. Қорытынды нәтиже 3: 1. Осылайша, «Ордабасы» тарихта тұңғыш рет ел чемпионы атанды.
«Ордабасының» жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан өзінің мансабындағы алғашқы чемпиондық туралы ойын айтты.
«Бұл өзінің өмірін футболға арнап, ешқашан чемпион болмаған адам үшін ерекше сезім. Жылдар бойы «күміс», «қола» алып келдік. Тек чемпиондық атақ жетіспей келді»,-дейді спортшы.
Ұқсас жаңалықтар
Талдықорғанда допинг дауына іліккен спортшы Қазақстан чемпионы атанды
- авторТомирис Тоныкөк
- 19 қараша, 2024