Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Көкшетау қаласында артық салмақтан арылу операциясы жасалады

Көкшетау қаласында артық салмақтан арылу операциясы жасалады
Ирк.ру
Әлемдегі толық адамдардың саны 2 миллиард, оның 20%-ы семіздікке ұшыраған.

Бүгінде медициналық технологиялар дамыған кезеңде, артық салмақпен күрестің түр-түрі ұсынылған. Соның бірі- бариатриялық операция,деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Көпбейінді облыстық ауруханада бұл тәсіл арқылы операция тегін жасалады. Емдеу орны 800-ден астам адамға арналған. Хирургиялық бағытта 9 бөлімше жұмыс істейді. 1 мың 500 қызметкер. еңбек етеді. Нұрдан Жаровтың айтуынша, Қазақстан халқының жартысынан көбі артық салмақ пен семіздіктен жапа шегіп отыр.

“Тек қана отандық статистика ғана емес, жалпы халықаралық статистикаға жүгінсек науқастардың саны жыл сайын көбейіп жатыр. Сезіміздіктің кері әсері де бар. Мысалғы: қант диабетінің 2-ші түрі пайда болады. Жүрек ауруы, артерриялдық гипертензия, буын аурулары”,-дейді Нұрлан Жаров, Көпбейінді облыстық аурухана директоры.

Бұл проблема кей кезде психологиялық, дәрілік және диетологиялық емдеумен шешілмейді. Өкінішке қарай, дәрігерлердің өзі семіздіктің ушыққан түріне фитнес те көмектеспейтінін айтады.

“Мен қант диабетіне шалдықтым. Салмағым өте ауыр болды. Кейін мен бұл проблеманы шешу үшін өзімнің әріптестеріме жүгіндім. Олар маған бариатириялық отаны ұсынды, мен бірден келістім”,-дейді Нұргүл Тілеуқабылова, хирургия бөлімшесінің медбикесі.

Асқазанды кішірейту операциясы кіші инвазиялық хирургия тәсілімен жасалады. Мұндай тәсілден кейін асқыну болмайды, науқастың оңалу үдерісі тез жүреді және пациенттің денесінде тіліктің белгісі болмайды, – дейді дәрігер.

Ұқсас жаңалықтар