Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Келіні енесін аямай ұрып, үйден қуып шыққан

Келіні енесін аямай ұрып, үйден қуып шыққан
Енесі тіпті өзіне қол жұмсауға дейін барған

Қымбат Баймұрзина “Қыздар-ай” бағдарламасынан көмек сұрап келді. Өйткені, келіні енесін ұрып-соғып, үйден қуып жіберген. Туған ұлы көмек көрсете алмаған. Бұл жағдайды көршісі де растайды, дейді KYN.KZ тілшісі “Қыздар-ай” бағдарламасына сілтеме жасап.

Қымбат Баймұрзина көршісінің үйін неге паналап жүргенін, келінінің ерсі қылықтарын айтып берді.
“Бұл үйде жүрген себебім, шын мәнінде келінім үйден қуып шықты. Ұрып-соғып, кет деп киімдерімді лақтырып жіберді далаға. Немерелеріме әкелген дәмдерді де лақтырды. Артынан “Нағима, лақтырмашы” деп жүгіріп жүрдім. Обал ғой",-дейді Қымбат Баймұрзина.

Келіні ұрып, сабап жатқанда ұлы ешқандай көмекке келмеген. 

“Аузымның бәрі қанады. Түкірсем қан шығып жатыр. Былай жерге жығып алған ғой мені. Полға басымды ұрып, денемді де ұрып сөйтті. Мойнымнан қылқындырып,шаштан тартып тұрды. Шамам келмей қалды. Құр айғайлап, жылай бердім. Сол кезде ұлым есік алдында жүрді.. Ұлым көмекке келмеді.”,- дейді Қымбат Баймұрзина.

Қымбат апаның мінезі жақсы әрі жұмсақ адам екенін құрбысы Дәметкен апа айтып берді. Әрі келіні мен ұлы өзара келісіп алған сияқты деді.

“Қымбат менің туған сіңлімдей болып кетті. Кезінде қол астымда жұмыс істеді. Мінезі өте жақсы. Келіні ұрып жүргеніне сенемін, өз аузынан естігем. Келінімен онша таныс емеспін. Ұлы мен келіні екеуі келіскен сияқты өзара.”-,дейді құрбысы Дәметкен апа.


Ұлының шатақ мінезі бар екенін көршісі де мойындады. Ол кісіге де балағаттап, күш көрсеткен.

“Жаңа жыл кезінде Қымбат үйіне шақырды. Дәм ауыз тиіп, құттықтауға бардым. Сөйтіп, құттықтап жатсам, ешкім ештеңе демейді. Баласы ішіп алған, маған аузына келгенін айтты. “Сен кімсің?” деп. Мойнымды қылқындырып та жіберді. Содан милиция шақырттым.”,- деді көршісі.
 

Қымбат Баймұрзинаның бала мен келінді тәрбиелеудегі жіберген қателігіне де сын айтылды.

“Сіз жатыпішерлікке өзіңіз тәрбиелегенсіз. Қазір қанша байбалам салғаныңызбен ұлыңызды тәрбиелей алмайсыз. “Баланы жастан, келінді бастан”деп бекер айтпаған. Келін келді ме, тәрбиелеу керек дұрыстап.”,-дейді Айбарша Сәпиева, заңгер.

Ұлының анасын дұрыс сыйламағандықтан, келіні де сыйластық көрсетпейтінін қоғам белсендісі алға тартты.

“Бұл кінәнің бәрі балаңызда болып тұр.Өйткені, балаңыз сізді келіннің астына төсеп беріп отыр.Сізді балаңыз сыйламаса, даладан келген келін сыйламайды.“,-дейді Саяхат Садықова, қоғам белсендісі.

 

Бөлісу:

Ұқсас жаңалықтар