Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Бойжеткен: Сақалды клуб күзетшісі мені пышақпен қорқытып, зорлап, видеоға түсіріп алып, енді бопсалап жүр

Бойжеткен: Сақалды клуб күзетшісі мені пышақпен қорқытып, зорлап, видеоға түсіріп алып, енді бопсалап жүр
klike.net
Зорланған қыз: Меніңше бұл оның кәсібі. Видеоға "бәрі келісіммен" дегізіп жазып алды. Пышақ тақап айтқанын істетті

Алматыда бардың күзетшісі қызды зорлады деген іс бойынша жәбірленушіге арызын қайтып алуды үгіттеген полиция қызметкерлеріне тергеу жүргізіледі. Бұл туралы адвокат Әлия Омарова хабарлады, деп жазды  KYN.KZ тілшісі.

Оқиға тамыз айында болған. Адвокаттың сөзінше, жәбірленуші болған оқиғаны енді айтуға батылы жеткен.

Қыздың айтуынша, ол барда 1,5 сағат болған. Жақын жерде тұрғандықтан, сыртқа шығып, үйіне жаяу қайтқан. Осы кезде бардың күзетшісі оны өзге қауіптен қорғап, үйіне шығарып салуды ұсынған.

«Назарбаев көшесіндегі В-52 деген бар еді. Күзетші футболка, қара қалпақ киген және сақалы бар. Мен оны діндар деп ойладым және оған сендім, сол кезде ол маған жаман нәрсе жасайды деген ой болмады. Мен барға жақын жерде тұрамын, ол мені үйге апарды. Біз подъездге кіргенде, ол мені ұстап алып, бірінші және екінші қабаттың ортасына сүйреп апарды. Пышағын суырып алды да, көзқарасы бірден өзгерді. Оның көздерінен ашуды және оның физикалық тұрғыдан үлкен екенін көріп, артық сөз немесе іс жасамау керегін түсіндім, себебі кез келген сәтте өліп қалуым мүмкін еді», - деді жәбірленуші.

Оның сөзінше, қаскөй бәрін видеоға түсіріп, бопсалап, айтқанын істеткен.

«Ол мұның бәрін сенімді түрде жасады, менің мойынсұнып, ешқайда қашып кетпейтінімді білді. Расымен қорыққаннан айтқанын жасадым. Ол мұны өзінің схемасы етіп алған, қыздар өлім аузында болғандықтан, бәрін жасауға дайын. Сол кезде ол бәрін видеоға түсіріп, келісіммен болған деп сендіреді. Содан кейін жәбірленушілер оны полицияға хабарлауға қорқады, өйткені ешкім сенбейді. Мүмкін оларды бопсалап жатқан шығар», - дейді қыз.

Жәбірленушінің айтуынша, бар күзетшісі ұсталғаннан кейін полиция қызметкерлері екі сағат бойы қыздың үйіне күшпен кіруге тырысқан.

Адвокат Омарова тәртіп сақшыларының қызды қорқытып, арызын қайтарып алуға үгіттегеніне наразы.

«Зорлау туралы қылмыстық істі тергеу барысы полиция департаменті басшылығының бақылауында. Сонымен қатар полиция қызметкерінің ықтимал заңсыз әрекеттері бойынша қызметтік тексеру тағайындалғанын хабарлаймыз. Олардың әрекетіне баға беріледі», - деді Алматы қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.

Ұқсас жаңалықтар