Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Заңгер Айгүл Орынбек Бас прократурадан колаларды далаға төгіп, елге кеңес берген азаматты қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұрады

Заңгер Айгүл Орынбек Бас прократурадан колаларды далаға төгіп, елге кеңес берген азаматты қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұрады
Заңгердің пікірінше блогер елді арандатып, бүлікке шақырып жүр

Әлеуметтік желіде Палестина халқы үшін Израил мемлекетінің өнімдерінен бас тартуға колаларды төгіп, видео жариялаған азамат қызу талқыға түсті, деп хабарлайды KYN.KZ. Осыған байланысты заңгер Айгүл Орынбек бұл азаматтың жасаған тірлігі халықты көтеріліске шақыру деп, оған тиісті жаза беруді ұсынды.

“ҚР Бас прокуратурасы /  Генеральная прокуратура РК

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті

ҚР Ішкі істер министрлігі / Министерство внутренних дел РК

Мына жігіттің іс әрекеті мен сөздерін саралайтын болсақ,  Қылмыстық кодекстің 174 бабына сай іс ашу керек!

Елдің алдында жүрген соң, өзінің эмоциясын  ұстап үйренсін. 
Халықты неге шақырып отыр? 

Дағыстандағыдай төңкеріске ме? 

Бұл жігітті көретін жастар, дүкендерге  шабуылдап кока-кола сөрелерін қиратып, сойқандағанын күтіп отырсыңдар ма? 

Палестина үшін бәріміздің жүрегіміз ауырып отыр, бірақ халықты құқықбұзушылыққа, тәртіпсіздікке шақырып керегі жоқ!

Ал құзырлы органдарда жұмыс істейтіндерге айтарым милары уланғандар мен жұмыс істеңдер!

Бізге осылар қауіптірек!

Жастарға айтарым, мына жігіттің істегенін істеп жүрмеңдер! Қамалып кетесіңдер немесе үлкен соммада айыппұл төлейсіңдер!”,-делінген заңгердің жазбасында.

Ұқсас жаңалықтар