Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Шенеуніктер мен әскерилердің ойын мекемелеріне баруына тыйым салынды

Шенеуніктер мен әскерилердің ойын мекемелеріне баруына тыйым салынды
Жалағаш жаршысы
Тиісті жарлық 17 қарашадан бастап күшіне енеді

Шенеуніктер мен әскери қызметшілердің әдеп қағидаларына толықтырулар енгізетін жарлыққа Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлайды KYN.KZ.

Құжатқа сәйкес, Қазақстандағы әскери қызметші қызметтік міндеттерін атқарумен байланысты жағдайларды қоспағанда, ойын мекемесіне барудан бас тартуы тиіс.

Осындай норма Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексіне және ҚР Құқық қорғау органдары мен азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің әдеп кодексіне енгізіледі.

Айта кетейік, Қазақстанда құмар ойындарға тәуелді адамдар саны шамамен 36 мыңға жеткен.

Бұдан бұрын президент Тоқаев Қазақстанда құмар ойындарға қатысты шектеулерді күшейтуді тапсырған.

Ұқсас жаңалықтар