Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Ең құрметсіз экс-вице-министр": белгілі педагог Суханбердиева мен Бесбаевтың бастамасын сынға алды

"Ең құрметсіз экс-вице-министр": белгілі педагог Суханбердиева мен Бесбаевтың бастамасын сынға алды
Аятжан Ахметжан: Суханбердиева білім саласын былыққа тығып, жемқорлық бойынша сотталып, ақша төлеп құтылған адам

Аятжан Ахметжан әлеуметтік желідегі парақшасында танымал әнші Мейрамбек Беспаев пен экс-министр Эльмира Суханбердиеваның бірлесіп радио ашқандарына қайран қалып, пікір білдірді. Оның сөзінше Бесбаев-от, экс-вице-министр-су. Олар бір істе мүлде үйлеспейді. Білім саласына қызмет етіп жүрген Ахметжанов экс-шенеуніктің  түрлі орындарды  сатып, білім саласында жемқорлықты жайлатқандардың бірі екенін жайып салды, деп хабарлайды KYN.KZ.

"Мына кісі қазақтың ең сүйікті әншілерінің бірімен бірігіп радио ашқан ба? Мейрамбек және  Суханбердиева деген бірге жұмыс істеуін көзіме еш елестете алмайды екем...

Біреуі ең сүйікті, құрметтейтін әншім...

Біреуі білім саласының түбіне жеткен, Астананың білім басқармасын, білім және ғылым министрлігін былықтырған, жемқорлық бабымен істі болып толық мойындап, ақша төлеп босап кеткен ең құрметсіз экс вице-министр...

От пен су қосыла ма ағайын?

Бұндайдан сапалы дүние шыға ма?",-деді жазбасында.

Бұған қоса, Аятжан Ахметжан осы жазбасындағы халықтың пікіріне  жауап берді. Айталық, ол экс-министрдің жемқорлыққа барғанына күмән келтірген оқырман пікіріне экс-министрдің директорлық орындарды ашық саудалағанына куә екенін жазды.

"Шынымен жеген. Кәдімгідей директорлық креслоны да басқасын да ашық сатқан куәміз",-деп жаздған аятжан Ахметжан.

Ұқсас жаңалықтар