Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

14 жастағы баланы көлігімен қағып өлтірген шенеунік қызметінде отыр

14 жастағы баланы көлігімен қағып өлтірген шенеунік қызметінде отыр
Aiqyn.kz
Қайғылы жағдай 2 қараша күні Ескелді ауданына қарасты Биғаш ауылында болған

Жетісу облысында 9-сынып оқушысы оқиға орнында жан тапсырды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап. Ақпараттарға қарағанда жол апатын жасады деген күдікке Көксу ауыл округінің әкімі Әлия Бақтиярова ілігіп отыр.

Оқиға орнына келген жол полициясының қызметкерлері хаттама толтырғанымен, көлік тізгіндеген жүргізушіні қамауға алмаған. Кербұлақ ауданы әкімдігі де округ басшысының әлі де жұмысын жалғастырып жатқанын жасырмады. Әлия Бақтиярованың қызметіне қатысты шешім тергеу нәтижесінен кейін шығарылады деген жауап қатты. Жетісу облысы полиция департаменті әзірге көлікті арнайы тұраққа қоюмен ғана шектелгенін жеткізіп отыр.

“ 2 қарашада Hyundai Creta автокөлігімен 39 жастағы әйел жүргізушісі Ескелді ауданында 14 жасар баланы қағып кеткен. Жол көлік апатынан бала оқиға орнында қайтыс болған. Автокөлік арнайы автотұраққа орналастырылды. Қазір аталған факті бойынша сараптамаларды тағайындай отырып, облыстық анықтау басқармасы тергеу жүргізуде. Жол апатының жағдайларын мұқият және обьективті зерттеу үшін барлық шара қабылданып жатыр”,-дейді Меруерт Морякова, Жетісу облысы ПД ресми өкілі.

Бөлісу:

Ұқсас жаңалықтар