Тамызда бар күзетшісі секілді киінген ер адам әйелді пышақпен қорқытып, зорлап, онысын видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды KYN.KZ.
Ал Алмалы аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері жәбірленушінің пәтеріне баса-көктеп кіріп, арызын қайтарып алуды талап еткен. Олар әйелге “зорлық болғанын дәлелдей алмайсың” дейді.
Зардап шегушінің адвокаты Жанна Мұхамади ҚазТАГ-қа прокурорлардың күзетшіні “айыпталушы” ретінде танудан бас тартып, босатып жібергенін айтты. Бостандыққа шыққан күдікті тағы да заңды бұзған. Бұған қатысты егжей-тегжейлі мәлімет жоқ, бірақ бұл «меншікке қарсы ауыр қылмыс» деп көрсетілген. Осы жолы полиция күдіктіні тағы тұтқындады. Алайда оның қанша уақытқа дейін қамауда болатыны белгісіз.