Еліміздің сыртқы істер министрлігі Газа секторынан «Рафах» бақылау-өткізу пункті арқылы Египет аумағына 92 Қазақстан азаматы және олардың отбасы мүшелері өткенін жеткізді, деп хабарлайды KYN.KZ.
Қазақстандық дипломаттардың мәліметінше, отандастарымызға барлық қажетті консулдық-құқықтық және психологиялық көмек көрсетілген.
«Шекарадағы рәсімдерден кейін біздің азаматтарымыз колонна құрамында жолға шықты және жақын арада Каир қаласына жетеді. ҚР азаматтарын Газа секторынан эвакуациялау кезең-кезеңмен жүргізілуде. Осы орайда қазақстандық дипломаттар Израиль, Мысыр, Палестина ұлттық әкімшілігінің құзыретті органдарымен және басқа да халықаралық ұйымдармен қалған отандастарымызды анклавтан эвакуациялау бойынша жұмысты жалғастырады», - делінген хабарламада.
Олар Газа секторынан Каирге аман-есен жеткізілгеннен кейін мемлекетіміз оларды елге жеткізу үшін эвакуациялық борт жолдайды.
Ұқсас жаңалықтар
Сенат ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы заңды бірінші оқылымда мақұлдады
- авторТомирис Тоныкөк
- 18 желтоқсан, 2025
Қала тұрғындарының орташа жалақысы 539 мың теңге - Алматы әкімі
- авторТомирис Тоныкөк
- 18 желтоқсан, 2025




