Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қыз зорлады деп айып тағылған Талдықорған полицейінің басшысы 2 айға қамауға алынды

Қыз зорлады деп айып тағылған Талдықорған полицейінің басшысы 2 айға қамауға алынды
Tengrinews
Марат Күштібаевтың кабинетінен ұрық, қыздың шашы табылған

Талдықорған полициясының басшысы Марат Күштібаев екі айға қамауға алынды. Ол қыз зорлады деген күдікке ілінген, деп хабарлайды KYN.KZ.

«Сот 2023 жылғы 14 қарашада күдікті К.-ға қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхатты қанағаттандыру туралы шешім қабылдады" деп Талдықорған қаласының мамандандырылған тергеу сотында хабарланды.

Қаулы әлі заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетейік, 12 қарашада облыстық полиция департаментіне 27 жастағы бойжеткен жеке қауіпсіздігіне қатысты шағыммен хабарласты. Ол Талдықорған ПД бастығының зорлағаны туралы хабарлады, жағдай кеңседе болған.

Кейін жәбірленушінің адвокаты кейбір жайттарды айтты. Оның айтуынша, Марат Күштібаевтың кабинетінен ұрық, қыздың шашы мен гигиеналық төсеніші табылған.

Полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 2-бөлігі «Зорлау» бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Ұқсас жаңалықтар