Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Әйел 14 жастағы қызды 7 ай бойы секс-құлдыққа салған

Әйел 14 жастағы қызды 7 ай бойы секс-құлдыққа салған
ашық дереккөзі
Әйел кәмілет жасына толмағандарды саужалау бабымен жауапқа тартылуда

Өзбекстанда Қашқадария өңіріне қарасты Ходжабақ ауылында адам айтса нанғысыз оқиға орын алды. Мамыр айынан 15 қараша аралығындағы 7 ай бойында 14 жасар қызды әйел адам өз үйінде күштеп ұстап, жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген.

Бұл туралы ақпаратпен Өзбекстанның балалар омбудсмені Сурайе Рахмонова бөлісті. Осы уақыт бойында әйел адам кәмелетке толмаған қызды әртүрлі еркектермен жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген, деп жазады Telegram-дағы "Новости Кашкадарьи" арнасы.

Бас прокуратура іске ден қойғаннан кейін Н.А-ға қатысты "Он сегіз жасқа толмаған адамға қатысты жасалған адам саудасы" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу шаралары жүзеге асырылып жатыр. Қараша айының басында Өзбекстанда экс-шенді балалар үйінің тәрбиеленушілерін зорлағаны үшін үш жылға сотталған болатын.  

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар