Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Продюсер Гүлзира Айдарбекова жаңа келініне халықтың тыныштық бермейтінін айтты

Продюсер Гүлзира Айдарбекова жаңа келініне халықтың тыныштық бермейтінін айтты
https://instagram.com/gulziraaidarbekova
Гүлзира Айдарбекова жақында ғана шаңырақ көтерген ұлының болашағына алаңдайтынын жеткізді


 

Заңғар Нұртастың анасы "MOM’skий әңгіме" бағдарламасында Шымкенттік жаңа келіні туралы айтты, деп хабарлайды KYN.KZ.

"Барлығы ойдағыдай болып жатыр, шүкір. Келін әйтеуір күліп тұрады. Сонысына ризамыз. Әлі оның оңды-солды мінезін білмеймін. Бірақ жан-жағындағы таныстардан сұрағанда "Өте тәрбиелі отбасы", "Өте жақсы қыз" дегенді естідім. Ешкімнен бір жаман сөз естімедім. "Қыздары жаман емес" деп жатады. Уақыт өте көреміз. Мақтауға да қорқып қалдық қой. Ешнәрсеге сенбей қалады екенсің. Біржола ма екен жоқ әлде мәңгілік пе екен деп қаласың. Бір видеосына "Өзімнің мәңгілік үйіме келдім" деп жазып қойыпты. Қуанып қалдым. Олардың да жоспары бар. Ешкімді жолынан ұстамаймын", - деді ене.

Ол әңгіме барысында оқырманның Индираға да тыныштық бермейтіндердің көптігін айтты.

 "Мына келінге де халық тыныштық бермей жатыр. "Қу сияқтысың ғой" деп оның да көңіліне жайсыздық сыйлап жатыр. Елдің сөзінің қажеті жоқ сияқты. Енесі емес, халық ажыратып жіберетін сияқты. Мен емес, енесі халық болып тұр", - деді Гүлзира Айдарбекова.

Ұқсас жаңалықтар