Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Интим қызмет көрсеткен 43 қыз полицияға жеткізілді

Интим қызмет көрсеткен 43 қыз полицияға жеткізілді
“Астана” телеарнасы
Kizdar.net сайты арқылы жарияланған сауналар, денеге массаж жасайтын бөлмелер тексерілді

Астана қалалық Полиция департаментінің қызметкерлері елордада жезөкшелікпен айналысу үшін үй-жайлар беретіндер мен интим қызмет көрсететіндерді анықтауда, деп хабарлайды KYN.KZ.

Осылайша, операция барысында Kizdar.net сайты арқылы жарияланған сауналар, денеге массаж жасайтын бөлмелер, интим қызмет көрсетілетін пәтерлер тексерілді.

Нәтижесінде 43 қыз полицияға жеткізілді. Жүргізілген іс-шаралардың барысында Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 450-бабы бойынша 33 әкімшілік хаттамалар толтырылды. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 492-бабы бойынша 6, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 440-бабы бойынша 6, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 449-бабы бойынша 11 хаттамалар толтырылды. 1 шетелдік Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін қабылдау пунктіне орналастырылды.

Сондай-ақ, 15 жеңіл мінезді қыз ақшаға жыныстық қызмет көрсеткені үшін есепке алынған. Олармен профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Ұқсас жаңалықтар