Қомақты қаражат ауыл шаруашылығында қолданылатын күн батареяларына бөлінген деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.
Осы батареялардың қосалқы бөлшектерін сатып алу шығынын өтеу үшін субсидия сұралыпты. Осыны қолға алған күдікті 2018-2020 жылдар аралығында шаруа қожалықтарының атынан жалған құжаттар жасаған. Аталған құжаттарда бөлшектердің бағасын бірнеше есе қымбат көрсетіп, бөлінген ақшаны қалтасына басыпты.
"Жоғары бағамен субсидия алуға өтініш беріп, соның негізінде қаражат төленген. Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, келтірілген шығынды өтеуге және 10 жыл мерзімге кәсіпкерлікпен айналысу құқынан айырыла отырып, 6 жарым жылға бас бостандығынан айырылды",-деді Әлібек Әбділов, ҚР қаржы мониторингі агенттігінің ресми өкілі.