Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Түркістан облысының әкімдігі Бибосыновқа сыйға берілген пәтер мәселесіндегі сұраққа жауап берді

Түркістан облысының әкімдігі Бибосыновқа сыйға берілген пәтер мәселесіндегі сұраққа жауап берді
ашық дереккөзі
Спорт және дене шынықтыру басқармасы олимпиада жүлдегеріне 2 бөлмелі пәтер уақытша тұруға берілгенін растады

Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы боксшы Сәкен Бибосыновқа Олимпиададаға жүлдесі үшін табысталған пәтер жалға берілгенін растады.

Бокстан әлем чемпионы, Токио олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов Түркістан облысының бұрынғы әкімі табыстаған 2 бөлмелі пәтерді өз атына рәсімдей алмай жүргенін айтқан еді. Өйткені ол баспана тек жалдау құқығымен рәсімделген.

Facebook әлеуметтік желісінде Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы жергілікті блогер Олжас Мамырдың жазбасына пікір қалдырды.

"Құрметті әлеуметтік желі қолданушылары! Дұрыс жағынан түсініңіздер. Бұл пәтер арендалық негізде берілген. Алайда демеушілер тарапынан мәселені шешу үшін жұмыстар жүріп жатыр. Пәтер Сәкен Бибосыновтың меншігіне беріледі", – деп жазды басқарма өкілдері.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар