Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Заңгер "Дәстүр" фильміне тыйым салуды ұсынды

Заңгер "Дәстүр" фильміне тыйым салуды ұсынды
Инстаграм
Айгүл Орынбек: ҰҚК мен ҚМДБ тірі ме, қайда қарап отыр?

Заңгер Айгүл Орынбек “Дәстүр" фильмін кинотеарлардан алып тастауды талап етті, деп хабарлайды KYN.KZ  сайты.

Айтуынша, қыз алып қашу - қазақтың дәстүрі емес.

“Қыз алып қашу- қазақтың дәстүрі емес! Біздің елде Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ҚМДБ тірі ме?

“Дәстүр” фильмінің экран бетіне шығуына қалайша жол бердіңдер? Кинотеатрлардан алып тастауды талап етемін! 

Қазақ тарихында  “Сырға салу”, “Айттыру”, “ “Сыңсу айту” деген салт-дәстүрдің  бар екенін білемін. Ал салт -дәстүрімізде қызды алып қашқанын оқымаппын. Көрші елдің дәстүрін бізге тықпалап керегі жоқ.

Кинода   “Қыз алып қашу” дәстүрге жатады, яғни “ол дұрыс емес”,  деп  дінді астарлап насихаттау деп ойлаймын. Жастарға салт -дәстүрге қарсы шығып, жек көріп, “дінді ұстаныңдар” деген ой тастаудың элементтері байқалады. Қазақтың кез-келген отбасы жеті шелпекпен, құран бағыштауды біледі. Бірақ кинода оны да ашық көрсетпейді. Тіпті бір қарсылық эпизоды бар.

Қазақтың мешітте отыратын  имамында сауатсыз, надан  қылып көрсеткен. Алдына “жын көріп жүрмін”,  деп көмек сұрап жылап барған әйелдің қолына,  сүре жазып жібере салды. Кинодағы теке сақалды имам сәләфит емес пе?

“Аллаху акбар” деп аузын ашпаған әйелді, біздің шынайы өмірде молдалар  үш әріппен күресуге жәй жібере салмайды негізі.  .

Қазақтар салт -дәстүрін ұмытпай  мықты ұстану  керек! Мәдениеті мен салт- дәстүрі өшпеген Елдің  , Ұлты өлмейді!

Ал дәстүрді жастарға негативті тұрғыда көрсету, елді топастындырғысы келіп жүрген арам пиғылды адамдарға тиімді.

Дін тақырыбына қатысты кино түсүріп халыққа ұсынбас  бұрын  Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ҚР Бас прокуратурасы /  рұқсат алатын заң қабылдаңдар депуттар Ринат Зайытов, Жұлдыз Сүлейменова, Ермурат Бапи, Абзал Құспан, Мақсат Толықбай .

Хиджап, келте балақ, қауға сақал, сәләфизмге қарсы заң не болды құрметті  халық қалаулылары?!

Бұлар осылай ашық талтаңдап жүре береді ме?», деп жазды заңгер фейсбук парақшасына. 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар