"Ұлым 6 жаста, Ринат жақсы қабылдады": Ринат Шамшырақтың әйелі өзі жайлы барлық сұраққа жауап берді
- автор kyn.kz
- 19 қаңтар, 2024
- 6.7k
Ринат Шамшырақтың келіншегі сәтсіз болған некесінен алты жасар ұлы бар екенін айтты. Бүгінде ол жас жұбайлармен бірге тұрады. Аружанның сөзінше, жолдасы мен баласының қарым-қатынасы өте жақсы.
"Ринат бірден ашығын айтты. Ол үйдің жалғыз баласы болған соң, "үлкен той жасаймыз" деді. Мен тойды аса қаламаған болатынмын. Бірақ айтқанын істетті. "Кәдімгідей той, беташар болады. Тұрмыста болмаған қыз сияқты алып келемін үйге" деді. Кәдімгі жас қыз алғандай барлық салтты ұстандық. Мен өзім Жамбыл облысы, Меркі ауылының қызымын. Балам алты жаста. 1993 жылы дүниеге келгенмін, жасым 30-да.
Үш жыл тұрмыста болдым. Үш дылдан соң келісе алмай, ажырасып кеттік. Одан кейін бір жылдан кейін өмірімде Ринат жолықты. Біз үш жылдай кездесіп жүрдік. Қазір Аллаға шүкір бақыттымын. Ұлым өз әкесінің тегінде, әкесімен және апасымен араласып тұрады. Жіберіп тұрамыз. Ринат оған жақсы қарайды. Маған көп адам арақатынасты тоқтат деп айтатын. "Жұмысың бар, жас жігітті не істейсің?" деп барлығы айтты. Сондай сөздер естіген кезде Ринатқа ренжитінмін. "Сен мені алмайсың ба не?" деп сұрақтың астына алатынмын. Сол кезде көп ұрысып қалатынбыз", - деп ағынан жарылды Аружан "Жұлдызды Weekend" бағдарламасында.