Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Мөлдір Әуелбекова: "Шет елге оқуға кететін болып шештім"

Мөлдір Әуелбекова: "Шет елге оқуға кететін болып шештім"
instagram.com/moldir.auyelbekova
Әнші Мөлдір Әуелбекова жақында Дубайға білім алуға баратынын жария етті

Әнші Мөлдір Әуелбекова шетелге оқуға кетіп бара жатқанын мәлім етті. Өнер иесі Instagram желісіндегі парақшасында оқырмандарына тың шешім қабылдағанын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ әншінің желідегі парақшасына сілтеме жасап. 

"Ойда жоқта, шет елге оқуға кететін болып шештім. Осыны ойлап, түнімен ұйықтамадым. Оқуға қай елге, қашан кететінімді ертең білетін боласыздар. Әзірше Астанадан Алматыға ұштым", - деп жазды әнші.

Ал кейінірек Әуелбекова оқуа Дубайға бара жатқанын жария етті.

"Қанша адам жазып, хабарласып жатыр. "Қанша жылға кетіп бара жатырсың?" деп сұрауда. Жылдап кететін оқу емес. Еліміздегі мамандардың Дубайда өтетін 8 күндік оқуы ғой", - деп жауап берген әнші сауалдарға.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар