Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ақтөбелік құтқарушылар науқасты ауруханаға жеткізу үшін ақтүтек боранда 18 шақырым жаяу жүрген (видео)

Ақтөбелік құтқарушылар науқасты ауруханаға жеткізу үшін ақтүтек боранда 18 шақырым жаяу жүрген (видео)
видеодан кадр
Мұғалжар ауданының құтқарушылары 18 шақырым бойы «Трэкол» жол талғамайтын көліктің алдына шығып жол көрсеткен болатын.

Ақтөбе облысында ауа райының нашарлауы бойынша авариялық құтқару жұмыстарына ТЖД, полиция бөлімі, әскери бөлімдер және жергілікті атқарушы органдар, еріктілер жұмылдырылды, деп хабарлайды облыс әкімдігіне сілтеме жасаған KYN.KZ.

Бейнероликте Мұғалжар ауданының құтқарушылары.
Олар 18 шақырым бойы «Трэкол» жол талғамайтын көліктің алдына шығып жол көрсеткен болатын.

Құтқарушылардың бірі қарауыл бастығы - Ақдәулет Әлидің айтуы бойынша:
-«Қандыағаш қаласындағы бөлімге Еңбек ауылдық округі, Басшилі елді мекенінде 73 жастағы әйел адамның ауыр халде жатқаны туралы хабарлама түсті. Оны аудандық ауруханаға жеткізу керек болды. «Трэколмен» шықтық. Ауа райының қолайсыздығынан көлік алдына екі адамнан кезектесіп шығып, жүгіріп отыруға тура келді. Өйткені қар астында жолдың іздерін көру мүмкін болмады. Мұндай жағдайлар болып тұрады. Ерлік жасадық деп айта алмаймын. Бұл біздің міндетіміз»,- дейді Ақдәулет.

Құтқарушылар науқасты аурухана жеткізді.

 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар