"Қара күйік сияқты нәрсе құсты": Кенжебек Нұрдолдай қазіргі әйеліне сиқыр салынғанын айтты
- автор kyn.kz
- 8 ақпан, 2024
- 3.6k
Отандық әнші Кенжебек Нұрдолдай бүгінгі таңда екінші рет үйленгенін, екінші әйелін соңғы кездері біреу дуалағанын ашып айтты, деп жазады KYN.KZ "Көреміз" бағдарламасына сілтеме жасап.
Кенжебек Нұрдолдайдың айтуынша, оның орамалдағы қазіргі әйеліне сиқыр жасалған. Әншінің қазіргі әйелінің ауырғанына екі айдан асқан.
"Эфир алдын екі күн бұрын көліктен секіріп кеткісі келді. Келіншегім өзіне қол жұмсағысы келіп, суицидтік ойлар мазалайды. Ұстазға алып барғанда, қара, күйік сияқты бірнәрсе құсты. Тамақ емес. Оның бәрі бір Алладан. Осы жерде ешкімге кінә таққым келіп тұрған жоқ. Менің ойымша, Жәмилияның қатысы болмаса да, жанындағы Камилия таролог дегеннің қатысы болып тұр ғой. Сонымен сұхбат өткізген. Әйелім үйде диванды аударып, ыдыстарды сындырып, Құран кітабын аударып тастаған. Үйде ыдыстан-ыдыс қалмады. Үш-ақ кесе қалды", - деді Кенжебек.
Бағдарлама барысында Кенжебек Нұрдолдайдың бұрынғы әйелі сиқырға ешқандай қатысы жоғын айтты.
Бірақ, әнші дуа мен сияқырға бұрынғы әйелінің танысы Камилияның қатысы бр деп күдіктенеді.
Сонымен қатар студияға Жәмила Тоқанованың танысы, алыс туысы Камилия келіп, өзінің бұл сиқырға қатысы жоғын және Жәмилиямен тек желтоқсан айының 14-де ғана танысқанын айтты.