Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Елімізде жедел жәрдем жүргізушісіне тағы да шабуыл жасалды (видео)

Елімізде жедел жәрдем жүргізушісіне тағы да шабуыл жасалды (видео)
tirazh.kz паблигі
Ақмола облысында жедел жәрдем жүргізушісіне шабуыл жасалды.

Бұл жолы оқиға Щучьедегі жанармай құю бекетінде болған. Полицейлер шабуыл жасаған адамды ұстады, деп хабарлайды KYN.KZ.

Жедел жәрдем жүргізушісіне шабуылдың видеосы Instagram желісіндегі tirazh.kz паблигінде жарияланды. Оқиға кеше қаладағы жанармай құю бекеттерінің бірінде болған. Видеода ер адамның жүргізушіні жібермей соққыға жығуға әрекет жасағанын, ал үшінші жедел жәрдем қызметкері оларды ажыратпақ болғанын көруге болады.

"Жедел жәрдем көлігіне жанармай құю кезінде жедел жәрдем жүргізушісіне шабуыл жасалды. Алғашында басқа көліктің жүргізушісі жол бергісі келмеді. Жедел жәрдем бригадасы шақыртуға асыққан", - деп жазылған видео сипаттамасында.

Ал, Ақмола облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, жедел жәрдем жүргізушісіне шабуыл жасаған ер адам қазір ұсталды.

"Ақмола облыстық полиция департаменті Щучье қаласындағы жанар-жағармай құю бекетінде жедел жәрдем жүргізушісінің денесіне зақым келтірген ер адамды анықтады. Бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады полиция департаментінен.

 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар