Калейдоскоп
"Тырнағын да бояйды": Алматы зообағында сурет салатын маймылдар бар
- автор kyn.kz
- 11 ақпан, 2024
- 644
Алматы хайуанаттар бағы Паша мен Лола атты шимпанзелер бар. Ұрғашы маймыл Лола тіпті тырнағын бояуды біледі екен
Алматы хайуанаттар бағы Паша мен Лола атты шимпанзелердің сурет салып отырған видеосын жариялады. Бұл туралы KYN.KZ зообақтың Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
"Біздің шимпанзелеріміз сурет сала алады. Паша бояулармен түрлі суреттер салатын болса, Лола нәзікжанды болғандықтан алдымен тырнақтарын бояп, содан кейін сурет салады", - деп жазылған видео сипаттамада.
Зообақ мамандар маймылдар қолға тез үйреніп, шығармашылыққа де тез бейімделетінін атап өтті.
"Зообақ суретшілері: Паша мен Лола. Маймылдар - ерекше жаратылған ақылды жануарлар. Олардың сурет салуға деген талпынысы өте қызықты көрініс", - деді зообақ мамандары.